Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Блогер Жанәбілов ісі: ҚМА блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді

Блогер Жанәбілов ісі: ҚМА блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді
Сурет: ашық дереккөздерден
ҚМА блогер Жанабыловтарға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов блогер Жанәбіловтерге қатысты тергеу туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Елемесовтің айтуынша, тергеу қазір бастапқы кезеңде тұр. 

Жанәбіловтерге қатысты Қылмыстық кодекстің 241-бабының 1-бөлігі – «заңсыз кәсіпкерлік» бойынша іс тіркелген. Бұл бап бойынша оларға 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, түзеу жұмыстарына тарту, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегу, 2 жылға дейін бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Жанәбіловтер әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыптаумен келіспей, өтініш берген. Сөйтіа материалдар сотқа жолданған. Елемесовтің сөзінше, егер блогерлер айыптаумен келіскенде онда олар қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылмас еді.

Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова — Қазақстандағы ең танымал және көп талқыланатын инфлюенсерлердің бірі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар