Денсаулық
Бразилияда жарқанаттардан короновирустың жаңа түрі пайда болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:55
- 57
Ғалымдар жарқанаттардан короновирустың жаңа түрін анықтады.
Бразилияда ғалымдар жарқанаттардан жаңа коронавирус түрін анықтады. Оның генетикалық ерекшеліктері COVID-19 және Таяу Шығыс респираторлық синдромын тудыратын вирустарға ұқсас, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Bloomberg мәлімдеді. Аталмыш вирус Латын Америкасында таралған ұсақ жәндікқоректі жарқанаттардан табылған.
Ғалымдардың айтуынша, әзірге бұл вирустың адам үшін қауіпті екеніне дәлел жоқ. Алайда зерттеушілер BRZ batCoV құрамында шип тәрізді ақуыздың қысқа бөлімі бар екенін анықтаған. Ол адам мен жануар жасушаларындағы ферменттер арқылы ажырау процесіне ұшырай алады.
Мұндай ерекшелік вирустың ағза жасушаларына енуін жеңілдетеді. Бұған дейін америкалық континенттегі жарқанат коронавирустарында мұндай жағдай тіркелмеген.




