Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өкпесінен 1,5 литр су шыққан»: Таразда ауруханада көз жұмған 39 жастағы азаматтың жақындары дәрігерлерді кінәлады

«Өкпесінен 1,5 литр су шыққан»: Таразда ауруханада көз жұмған 39 жастағы азаматтың жақындары дәрігерлерді кінәлады
Сурет: видеодан скриншот
Таразда 39 жастағы азаматтың жақындары оның өліміне дәрігерлерді кінәлауда.

Таразда 39 жаста көз жұмған Мұхтар Исабековтың туыстары оның өліміне дәрігерлерді кіналайды. Айтуларынша медицина қызметкерлері өкпесі суға толған ауыр қалдегі науқасқа қажетті ем көрсетпеген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

39 жастағы азамат жыл басында өзін жайсыз сезініп қалалық ауруханаға барған. Бірақ қабылдаудың өзі қиындық тудырған. Сөйтсе мәселе орын тапшылығынан емес болып шықты. 

Мұхтардың өкпесі суға толған. Жанына батқан дертіне дауа болмағасын ол сол түні анасына алып кетуді өтініп хабарласқан. Алайда ертесі ол көз жұмды.

Дәрігер берген анықтамада өкпедегі су болмашы ғана болған десе, мәйітханада 1,5 литр су шыққан дейді туыстары. Кейін тәуелсіз сарапшыға жүгініп, ақ халаттылардың дер кезінде ем қабылдамағаны расталған. Қылмыстық іс қозғалғанмен 9 айдан бері тергеушілер қайта-қайта ауысқан.

“Сол жазылған күйінде қалып тұр. Істің қозғалуын сұраймын. Жазбаған жағымыз қалған жоқ. Облыстық, қалалыққа да жазып жатырмын. Астанаға да жазып жатырмыз. Тексерілсін дейді ешқандай тексерілмейді. Сол күйінде іс жатыр”, – деді марқұмның анасы Гүлнар Исабекова. 

Тергеуге көңілі толмаған туыстары департамент басшысының шығуын талап етті. 

“Екі ай беріледі. Содан кейін шешім қабылдауымыз керек. Ол жерде басқа да тергеу амалдарын жүргізетін болсақ, оны прокурор арқылы 3-4 айға ұзартамыз. Дәрігерге байланысты сараптамалар тағайындалған. Соған байланысты ҚК процессуалдық талаптарына байланысты істі уақыт создырамыз. Бұл жерде сараптамаға сот-медициналық қосымша сол жерде комиссия өткізейін деп отырмыз. Соған байланысты”, – деді Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Байжан Байгелді.

Мұхтар Исабеков сот орындаушы болып жұмыс істеген екен. Марқұмның артында жұбайы мен бір қызы қалды. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар