Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында алыста тұратын оқушыларды тасымалдау ретке қойылуда

Алматы облысында алыста тұратын оқушыларды тасымалдау ретке қойылуда
gov.kz
Алматы облысында жолаушылар тасымалын дамытуға байланысты ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Алматы облысында көлік және білім инфрақұрылымын жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Алматы облысында соңғы жылдары аймақ тұрғындарының көлікпен қатынау мүмкіндігін арттыру және қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру бағытында маңызды қадамдар жасалуда.
Қазіргі таңда облыс бойынша 63 жаңа облыстық және қала маңы бағыттары іске қосылып, халықтың қатынау мүмкіндігі айтарлықтай кеңейді, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Соңғы үш жылдың ішінде жолаушылар тасымалын қамтамасыз ететін автопарк 112 жаңа автобуспен толықты. Сонымен қатар, 2022 жылдан бері “Қапшағай – Алматы-1” бағытындағы қалааралық пойыз тұрақты түрде қатынап, агломерациялық аймақтың көлік жүйесінің дамуына оң серпін беруде.
Бұл туралы Алматы облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермек Баймұхамбетов хабарлады. Оның айтуынша, көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларының басты мақсаты – тұрғындарға қоғамдық көлік қызметін барынша ыңғайлы, қауіпсіз және қолжетімді ету.

Білім беру саласында да оң өзгерістер байқалады. «Алматы мектептері» жобасы шеңберінде ауылдық және шалғай елді мекендерде тұратын оқушыларды мектепке тасымалдау ісі ұйымдастырылды.
2025 жылдың 14 қазанында «Алматы облысында оқушыларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру» тақырыбында арнайы жиын өтіп, балалардың мектепке қауіпсіз әрі уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

2024 жылы мектеп автобустарының саны едәуір өсіп, бұл көрсеткіш 15,3 мыңнан астам оқушыны қамтуға мүмкіндік берді. Ал 2025 жылы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен автобус саны тағы 100 бірлікке артады. Бұл шара шалғай аудандарда тұратын балалардың мектепке қауіпсіз жетуін қамтамасыз етеді.
Жаңа автобустар ең алдымен жол қатынасы қиындау және қашық ауылдардағы мектептердің сұранысына сәйкес бөлінетін болады. Бұл бағыт – оқушыларды тасымалдаудағы басты басымдықтардың бірі.

Әр мектепке арнайы тасымал маршруттарының сызбалары жасалып, жол қауіпсіздігі ескерілген. Мысалы, Алматы облысының Жамбыл ауданында оқушыларды мектепке жеткізу мәселесі толығымен шешілген. Бірнеше жыл бұрын өзекті болған бұл мәселе бүгінде жүйелі түрде реттелді.
Жамбыл ауданында 65 мектеп жұмыс істейді: оның 51-і орта, 6-ы негізгі, 8-і бастауыш білім беру мекемелері. Орта мектебі жоқ ауылдардың балалары көрші елді мекендерге жеткізіледі. Арнайы автобустар балаларды бау-бақша аймақтарынан да тасымалдайды.

Ата-аналар мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған осындай қамқорлыққа ризашылық білдіруде.
«Автобустар таза, жылы, жүргізушілер тәжірибелі әрі сыпайы адамдар. Баламның мектепке аман-есен жететініне сенімдімін», – дейді бір ата-ана.

 

 

 

 

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар