Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Поштадан өзі тапсырыс бермеген сәлемдемені алған қазақстандық қылмыстық жауапқа тартылуда

Поштадан өзі тапсырыс бермеген сәлемдемені алған қазақстандық қылмыстық жауапқа тартылуда
ЖИ
Оған алаяқтар хабарласып, сыйлық сәлемдемені күтіп алуға үгіттеген.

«Сіздің атыңызға сәлемдеме келді» деген хабарлама кез келген адамның телефонына келуі мүмкін. Мұндай «сәлемдемеге» алданып қалғандар қоғамымызда көп кездеседі. Белгісіз қораптың ішінде не жасырынғанын бейхабар сізді ол тұзаққа түсіруі мүмкін екенін заң саласының мамандары ескертеді. KYN.KZ ақпарат агенттігі поштадан келген сәлемдемені алып, түрмеге қамалған кейіпкердің оқиға желісін бөліседі.

Құқық қорғаушы, адвокат, қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде тергеу саласында қызмет еткен Асылбек Абдраимовқа ерлі-зайыпты көмек сұрап келген. Көздері алаң, қолдары дірілдеген олар ұлдарының қамауға алынғанын айтқан. Сөйтсе, ер адам поштадан келген сәлемдемені алған. Алайда оның ішінде тыйым салынған зат болған...

«Отбасылы, тұрақты жұмысы жігіттің телефонына бір күні поштадан «Сіздің атыңызға сәлемдеме келді» деген хабарлама келген. Ол ештеңе тапсырыс бермеген. Бірақ «мүмкін біреу сыйлық жіберген шығар» деп ойлап, поштаға барып, төлқұжатын көрсетіп, сәлемдемені алып кеткен. Қорапты өз үйіне әкеліп, ашып та үлгермеген. Пошта ғимаратынан шыққан сәтте арнайы қызмет өкілдері оны тоқтатып, бірден ұстап әкеткен. Сәлемдеменің ішінде сырттай қарағанда тұрмыстық заттар болған. Бірақ тексерілген партиядан тыйым салынған заттар табылған. Қағаздарда сәлемдеменің алушысы дәл осы жігіт болып көрсетілген. Қазір ол тергеу изоляторында. Іс әлі тергеліп жатыр. Біз қорғауды қолға алдық: оның ешқандай байланысы, ақша аударымы немесе логистикада қатысы жоқ екенін дәлелдеп жатырмыз», - дейді адвокат

Алайда бір ғана қолтаңба мен «алып алдым» деген факт адамның өмірін күрт өзгертуі мүмкін екенін айтады. Мұндай оқиға жалғыз емес, бірнеше. Сәлемдемелер шетелден және ел ішінде жіберіледі, ішіне тыйым салынатын заттар жасырылуы мүмкін. Сондай-ақ, жеке деректер аты-жөні, ИИН, мекенжай бөтен адамдарға қолданылып, сәлемдемелер басқа есімдерге рәсімделеді. Телефон арқылы «қате жіберілді, барып алып берсеңіз, ақысын төлеймін» деп сендіру де жиі қолданылатын тұзақ екенін ескертеді заңгер.

«Егер сізге «ақша беремін, алып берші» деп ұсыныс айтса, оған ешқашан көнбеңіз. Мұндай ұсыныс логистикалық тізбекке сізді қосу мақсатындағы классикалық әдіс. Сондай-ақ бөтен адамға төлқұжатыңыздың көшірмесін, ИИН-ді, мекенжайды немесе басқа құпия деректерді бермеңіз  бұл өз қолыңызбен өзіңізді қауіпке әкелу. Есте сақтаңыз бір сәттік сенім ауыр себептерге әкелуі мүмкін. Қашанда сақ болыңыз, жеке деректеріңізді қорғаңыз және күмән туса әр қадамыңызды ресми түрде бекітіңіз», - деп ескертеді азаматтарды адвокат.

Мұндай кезде не істеу керек? Төмендегі нұсқаулықты есіңізде сақтаңыз:

          1.       Өзi тапсырыс бермеген сәлемдемені алмаңыз.

          2.       Поштада ешкімге жеке деректеріңізді бермеңіз; құжат көшірмесін бермеңіз.

          3.       «Алып беріңдер, ақысын төлеймін» деген ұсыныстан бас тартыңыз.

          4.       Егер сәлемдеме туралы хабар келсе телефонға сенбей, пошта бөлімшесіне барып, ресми құжаттар мен трек-номерлерді тексеріңіз; фотосурет пен құжаттарды сақтаңыз.

          5.       Егер сізді тінтуге немесе ұстауға келген болса тыныш болыңыз, ештеңеге қол қоймаңыз, адвокат шақырыңыз.

          6.       Қылмыстық тәуекел сезсеңіз дереу полицияға жазбаша арыз жазыңыз: «Мен бұл тауарды тапсырыс бермедім, жеке деректерім рұқсатсыз пайдаланылған болуы мүмкін» және өтініштің тіркеу нөмірін алыңыз.

          7.       Барлық хабарламалар, SMS, трек-номері, квитанциялар мен куәліктердің фотосын сақтаңыз олар қорғаныс үшін қажет болады.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар