Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысының автожолында қарқынды жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Алматы облысының автожолында қарқынды жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы облысында күніне 40 мың көлік қатынайтын автожолында капиталды жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Алматы облысында «Алматы-1 – Шамалған стансасы – Ұзынағаш» автомобиль жолында капиталды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Республикалық маңызы бар жолының 20–23 шақырымындағы, халық арасында «жоғарғы трасса» деп аталатын бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жол Алматы қаласын Қаскелең, Ұзынағаш және Райымбек ауылы арқылы өтетін басқа аймақтармен байланыстырады. Күн сайын осы жолмен 40 мыңнан астам көлік қатынайтындықтан, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл трассаны кеңейту жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ұзындығы 19,5 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстары 2024 жылғы маусым айында басталып, 2026 жылға дейін аяқталуға тиіс,

Алматы облысының баспсөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы ұзындығы 2,3 км болатын учаскеде және биыл ұзындығы 6,3 шақырым болатын учаскеде жолдың негізі ауыстырылып, екі қабатты асфальтбетон жабындысы төселген. Бұдан бөлек жиектерді нығайту, кіреберіс жолдар мен аялдама павильондарын орнату жұмыстары жүргізілуде. «Алматы-1 – Шамалған стансасы – Ұзынағаш» стансасы бағыттағы көлік қозғалысының қарқындылығы тәулігіне 5–7 мың автокөлікке дейін жетеді. Айналма бағыттар жоқ болғандықтан, уақытша қолайсыздықтар тудырып оытрғаны айтылды. Құрылыс жұмыстары да үздіксіз жүргізілуде. Сондықтан да мердігер ұйымға жұмыс қарқынын арттыру, қосымша техника мен жұмыс күшін тарту және екі ауысымдық режімде жұмыс істеу тапсырылған. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң жүргізушілер мен жолаушылар үшін қозғалыс жайлы әрі қауіпсіз болмақ. Енді жолға кететін уақыт қысқарып, біраз адам кептелісте ұзақ тұрмауы мүмкін. Осы күні трассаның 3 шақырымы кеңейтіліп, жаңа асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл жоба аясында жол жолағын кеңейту және жаңа жабын төсеу қарастырылған. Алматы облысы бойынша 180 шақырымнан астам жол жөнделмек.

Облыстағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы – 5 673 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар –  1 641 км, облыстық маңызы бар жолдар 3 470 км, аудандық маңызы бар жолдар – 496 км, БАКАД айналма жолы – 66 км.

2025 жылы орташа жөндеу – 160,8 км және капиталдық жөндеу – 26 км жол мен екі көпір жұмыстары жоспарланған. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, негізгі бағыттарда Алмалыбақ (КИЗ) – Жетісу – Алматы-1 – Шамалған стансасы – Ұзынағаш жүзеге асырылуда. Есік – Саймасай – Александровкада (5,5 км) жөндеу жұмыстары шамамен 50% аяқталған. Жалпы облыс бойынша жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ, бұдан бөлек ауыл-аймақтарға апаратын жолдарға да ерекше назар қойылуда.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар