Қоғам
Алматыда Әмина қажы ашқан балалар үйі өртеніп кетті (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 қараша, 2025
- 356
Алматыда жетім балаларды бауырына басқан Әмина қажының "Перзент" балалар үйі өртке оранды.
Алматыда мыңдаған жетім баланы бауырына басқан Әмина қажы Әжібаеваның «Перзент» балалар үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар уақытында жетіп, ғимарат ішіндегі қызметкерлер мен балаларды эвакуациялап үлгерді.
«Бүгін осындай бір сынаққа қалдық. Өрт сөндірушілердің бәріне Алла разы болсын! Сағат 4-тен бастап жұмыс істеп жатыр. Бала-шағаларының қызығын көрсін. Апасының басына күн түсіп еді, бәрі бір үйдің баласындай көмектесіп, осында жүгіріп жүр. Өте үлкен өрт шықты. Жігіттерге Алла разы болсын!» - деді Әмина қажы Әжібаева.
Айта кетсек, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт асхананың ішкі бөлігінде тұтанған, алайда ғимаратта адамдар болмаған.
Келесі мақала
Теміртауда WhatsApp арқылы мал ұрланған (ВИДЕО)
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Дауылды ескерту: Еліміздің бірқатар аймағында ауа райы қолайсыз болуы мүмкін
- авторkyn.kz
- 25 наурыз, 2026
Қоғам
Серік Сәпиев бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
- авторkyn.kz
- 25 наурыз, 2026




