Яна Легкодимованың өлімі: Прокурор Яна ісі бойынша айыпталушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:21
- 1
Атыраудағы мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотта Яна Маденованың өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот жалғасып жатыр. Бүгін сотта басты айыпталушы Ризуан Хайыржанов алғаш рет сөз сөйледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сотта сөз сөйлеген айыпталушылардың бірі Ризуан Хайыржанов бұған дейін ол түсініктеме беруден бас тартқан еді. Оның айтуынша, ол Янамен 2022 жылдан бері таныс болған. Басында достық қатынаста болып, кейін қарым-қатынастары қыз жігітке ұласқан.
"Оның темекі шегетінін білдім. Басқа ер адамдармен кездесіп жүргенін, есірткі қолданғанын айтты. Сол кезде қателескенімді түсіндім де, айырылысуға шешім қабылдадым", — деді айыпталушы.
Марқұмның анасы Галина Легкодимова әр айыпталушыдан 10 миллион теңге материалдық, 25 миллион теңге моральдық өтемақы талап етті. Алайда Ризуан тек жерлеу шығындарын төлеуге дайын екенін айтты. Ал Алтынбек "еңбекке жарамсыз екенін" айтып, өтемақының бір бөлігін ғана көтере алатынын жетізді.
Прокурор айыпталушылардың іс-әрекеті алдын ала келісілгенін айтып, екеуіне де өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
«Қазақстан Республикасында ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Осыған байланысты прокурор ең жоғарғы жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады», - дейді прокуратура өз түсініктемесінде.



