«Алтындар мен ақшаларын алып кеткен»: Болат Назарбаевтың туысының үйіне ұры түсті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:52
- 48
Қарғалы ауылындағы Болат Назарбаевтың туысының үйіне ұрылар түскені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы белгілі журналист Диас Гұрақын facebook-парақшасынд жазған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның жазуынша, бейресми деректерде Болат Назарбаевтың тоқалының анасының үйін тонап кеткен екен. Күдіктілер үй иелерін байлап, алтындары мен ақшаларын алып қашып кеткен.
«Ит жоқта шошқа үреді қораға деген рас. Түнеукүні Қарғалы ауылындағы Болат Назарбаевтың туыстарының үйіне ұры түсті деген ақпарат тарады. Бейресми дерек бойынша Бөкеңнің Гүлнұр деген тоқалының шешесінің үйін тонап кетіпті. Жәй ұрлық емес қарақшылық шабуыл болған. Яғни, күдіктілер үйге баса көктеп кіріп, қожайындарын ұрып-соғып, байлап, алтындар мен ақшаларын алып кеткен. Полиция қарақшыларды әлі таба алмай жатыр дейді.
Еххх, заман-ай! Бөкең тірі болғанда ұрылар бұл ауылдан алпыс шақырым алыс жүретін еді. Баса көктеп кірмек түгілі, қоршауына үңіліп қарауға қорқатын еді. Қол жұмсап, ұрып-соқпақ түгілі, қол беріп амандасудан қаймығатын еді. Көзден кетсе, көңілден кетеді деп бәрі басынып жатыр. Бөкеңнің айналасындағы бандитсымақтар да бытырап кеткен сияқты ма?!», - деп жазды журналист.



