Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Талабым – соттың адал өтуі»: Астанада көз жұмған фельдшердің күйеуі үндеу жасады

«Талабым – соттың адал өтуі»: Астанада көз жұмған фельдшердің күйеуі үндеу жасады
Сурет: instagram.com/zeineladilet
Астанада көз жұмған фельдшердің күйеуі соттың адал өтуін талап етті.

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбеті құлап, задап шеккендерге көмектесуге барған фельдшер ауыр жарақаттарының салдарынан қаза тапқан еді. Ұлдана Мырзауанның күйеуі, дәрігер Әділет Зейнел Threads желісіндегі парақшасында өзін қолдағандарға алғысын білдіріп, үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол жұбайының өліміне қатысты іс бойынша тергеудің әділ өтуін талап етіп, жауаптылардың жазалануы керек екенін айтты.

"Ешқандай медаль,ешқандай сөздер менін жүрегімнің иесін маған қайтарып бере алмайды. Үйіме нұр, құт-береке әкелген Алла қосқан адал жарымның тілеуін тілеген барша қазақ еліне алғысым шексіз. Осы уақытқа дейін Алладан жүрегімді аман алып қалуын тілеп, қасында барынша көп болып, дұға еттім, бәрін сабырға салдым. Ендігі менің талабым – соттың адал өтуі, тергеудің адал қаралуы. Құдай қосқан қосағымның жаны тыныш болуы үшін осыны аяғына дейін алып бару керек. Жауаптылар жазасын алуы керек!" - деп жазды Әділет Зейнел.

Еске салсақ, 8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы қаптама кірпіш пен кондиционер құлап кеткен болатын. Зардап шеккендерге көмектесу кезінде жедел жәрдем фельдшерінің үстіне кондиционер құлап кеткен. 8 қарашадан бері ол жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан болатын. 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның 18 қарашада көз жұмғаны белгілі болды. Күні кеше жақындары мен астаналықтар Ұлдана Мырзауанды ақтық сапарға шығарып салды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар