Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ол кісінің маған көзі түспеген»: Өмірқұл Айниязовтың әйелі махаббат, отбасы туралы ашық сұхбат берді

«Ол кісінің маған көзі түспеген»: Өмірқұл Айниязовтың әйелі махаббат, отбасы туралы ашық сұхбат берді
Сурет: видеодан скриншот
Өмірқұл Айниязовтың әйелі әншімен алғашқы таныстығы мен махаббаттары туралы әңгіме қылды.

Танымал әнші Өмірқұл Айниязовтың жары педагог, Фарида Айниязова екеуінің алғашқы таныстық, отбасы туралы журналист Гүлжанат Пірімбетоваға берген сұхбатында айтып берді, деп жазады KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, Өмірқұл Айниязовты өзі қаратып алған екен. Ол кезде небәрі жастары 15 және 16-да болған.

«Біздің таныстығымызға биыл 30 жылдан асты. 1993 жылы Ақтөбе қаласында А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжге мені анам ертіп әкелді. Сол кезде мен 15 жаста, Өмекең 16 жаста болатын. Ал оны марқұм атам (әкесі) ертіп әкелді. Сол кезде танысқанбыз. Кейде жігіттер «мен осы қызды көрген кезде өмірлік жарым екенін бірден сездім» деп айтып жатады ғой. Бірақ менде керісінше. Өмекеңді бірінші көргенде өзімнің көзім түсті. Қазір де айтамын оған. Себебі, ол кісінің таланты, екінші ол кісінің жанып тұрған көзіндегі отты көрдім. Ер-азаматтардың бойынан көргім келетін ерекше адуынды мінезін байқаған болатынмын. Анам «Мына жігіттің таланты мықтысын-ай, ешкім түспесе де мына жігіт міндетті түрде музыкалық колледжге түседі» деп айтты. Анам құлағыма сыбырлап астарлап, айтып кеткен болатын. Ол жерде басқа жігіттер отырды. Бірақ Өмекең маған ыстық көрінді. Ол кезде қалай болғанын білмеймін», - дейді әншінің әйелі.

Өмірқұл Айниязов алғашында жарына аса мән бермеген. Алайда кейіннен сезімін білдіре бастапты.

«Ол кісінің маған көзі түспеген негізі. Өзі сөйтіп айтады. Бірақ мен оған ешқандай ренжімеймін. Мен оған менің көзім саған түсті деп айтамын. Оны қазір балаларыма да айтамын. Олар «әкемді өзің сындырып алған екенсің ғой» деп айтады. Ол тағдыр. Біздің қосқан достарымыз. Оқуға түскеннен кейін 3-4 айда Өмекең менің оған деген көзқарасымды байқаған болу керек. Сөйтіп қалай кездесіп жүріп кеткенімізді байқамай қалдық», - дейді күліп.

Екі жас алты жыл қыз-жігіт болып кездескен.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар