Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«156 миллион теңге»: Стамбұлда зергерлік бұйымдарды ұрлады деген қазақстандық әйел ұсталды

«156 миллион теңге»: Стамбұлда зергерлік бұйымдарды ұрлады деген қазақстандық әйел ұсталды
Сурет: Polisia.kz
Стамбұлда Астанадағы дүкендердің бірінен зергерлік бұйым ұрлады деген әйел ұсталды.

Стамбұлда халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел ұсталды. Ол елордадағы дүкендердің бірінен зергерлік бұйымдарды ұрлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әйел ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген. Ол 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың маусымына дейін Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істеген. Жалпы құны 156 млн теңгеден асатын бұйымдарды ұрлап кеткен.

"2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы маусымға дейін Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істей жүріп, ол жалпы құны 156 млн теңгеден асатын бұйымдарды ұрлап кеткен", - делінген хабарламада.

27 қарашада түрік құқық қорғау органдарының көмегімен күдікті Қазақстанға депортацияланып, қамауға алынған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар