Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының еңбек ұжымымен ақпараттық кездесу өткізілді
- автор kyn.kz
- Бүгін, 21:22
- 29
Департамент мамандары мұндай іс-шараларды жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында ғана емес, сондай-ақ қаладағы мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен түрлі ұйымдардың еңбек ұжымдары арасында да тұрақты түрде өткізіп отырады. Бұл — қоғамның қаржы саласындағы қауіпсіздік шаралары туралы хабардарлығын күшейтуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Осы бағыттағы кезекті кездесу Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен өтті. Жиынға мекеме қызметкерлері, бөлім басшылары және кәсіпкерлік саласына жауапты мамандар қатысты.
Шараның басты мақсаты – азаматтардың қаржылық қауіпсіздік негіздерін терең түсінуіне ықпал ету, олардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және заманауи алаяқтық түрлерінің алдын алу. Қаржылық қылмыстардың жаңа әдістері жыл сайын өзгеріп отырғандықтан, мұндай түсіндіру жұмыстары қоғам үшін аса өзекті.
Кездесу барысында Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Нұрғали Нұрсейітұлы Аязов қатысушыларға қаржылық қауіпсіздік ұғымын жан-жақты түсіндіріп, оның негізгі қағидаттарына тоқталды. Ол бүгінгі күні кең таралған алаяқтық тәсілдеріне, азаматтарды алдаудың түрлі үлгілеріне және қаржы пирамидаларының жұмыс істеу механизмдеріне нақты мысалдар келтіре отырып түсініктеме берді. Сонымен қатар, өзгенің атына банк картасын рәсімдеу немесе үшінші тұлғалардың тапсырмаларын орындау арқылы дропперге айналудың салдары туралы толық ақпарат ұсынылды. Қандай жағдайларда адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады, күмәнді қаржылық әрекеттерден қалай сақтану керек, сондай жағдайға тап болған кезде қайда жүгіну қажет — бұл сұрақтар да жан-жақты қамтылды.
Қатысушылар мамандарға бірқатар практикалық сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған жайттарға нақты жауап алды. Мамандар күнделікті тұрмыста, интернет-сервистерді пайдалану барысында және мобильді банкингте қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша пайдалы кеңестермен бөлісті.
Кездесу соңында Кәсіпкерлер палатасының еңбек ұжымы департамент қызметкерлеріне осындай маңызды әрі қоғамға пайдалы түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырып отырғаны үшін ризашылық білдірді. Мұндай іс-шаралар азаматтардың қаржы саласында сауатты болуына, тәуекелдерді алдын ала түсініп, өздерін қорғауына ықпал ететіні атап өтілді.
Ұқсас жаңалықтар
Жұманғарин: 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады
- авторkyn.kz
- 19 қараша, 2025
Мәжіліс 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті
- авторkyn.kz
- 22 қазан, 2025




