Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы әуежайында Қазақстаннан бала әкетпек болған қытайлықтар ұсталды

Алматы әуежайында Қазақстаннан бала әкетпек болған қытайлықтар ұсталды
biwork.ru
Қытайлықтар балаларды суррогат аналардың дүниеге әкелгенін растаған.

Алматы әуежайында Қазақстаннан балаларды әкетуге тырысқан шетелдіктер ұсталды. Бұл туралы KYN.KZ тілшісі  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Не болған?

Дереккөздің мәліметінше, 11 қарашада Алматы әуежайында Қытайдан келген екі отбасылық жұп Қазақстанда суррогат аналар босанған нәрестелерімен ұсталған. Шетел азаматтарының балаларға қатысты құжаттары болған, алайда, дереккөздің айтуынша, оларды Қазақстаннан шығармаған.

Алматы полициясы пікірі

Редакцияның ресми сұрауына жауап берген Алматы Полиция департаменті шетелдік азаматтардың ұсталғанын растады.

"Аталған факт бойынша Алматы ПД Тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі — "Кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар