Қарағанды облысындағы кафе жарылды: 2 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 11:57
- 1
Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты кентіндегі кафелердің бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан 2 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы 13 желтоқсанда Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Нақтыланған мәлімет бойынша, оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, он бір зардап шеккен медициналық көмек көрсету үшін аудандық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар өртті 300 шаршы метр аумақта толық сөндіргені айтылды.
Қазір олар шамамен 200 шаршы метр аумақта құлаған шатырдың қирандыларын ашып, зақымданған конструкцияларды тексеріп, өрттің қайта тұтануына жол бермеу шараларын жүргізіп жатыр.
"Газ баллонының жарылуының алдын ала себебі - газбен жабдықтау жүйелерін, соның ішінде тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының бұзылуы", - деп атап өтті министрлік.
Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында діни топ «еркін жыныстық қатынасты» насихаттап келген
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2025



