Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Атырау облысы:
Бүгін сағат 13:00-де Атырау облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" 337-517 шақырымында, Доссор ауылынан Сағыз ауылына дейін жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ақтөбе облысы:
13 желтоқсан сағат 13:00-де Атырау облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" 254-337 шақырымында көліктің барлық түріне шектеу қойылды. Қарауылкелді ауылы мен Атырау облысы шекарасына дейін жол жабық.
Жамбыл облысы:
13 желтоқсан сағат 14:30-да Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "Астана - Қарағанды - Алматы" автожолының 2005-2152 шақырымы аралығында, Қарағанды облысының шекарасынан Бұрылбайтал ауылына дейін барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысы:
13 желтоқсан сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 1104-1191 шақырым аралығындағы учаскесінде (Глубокое ауылынан Шемонаиха ақаласына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылады;
13 желтоқсан сағат 16:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Қатонқарағай - Рахман қайнары" автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесінде шектеу қойылды. Бұл – Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейінгі жол.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада 95 жастағы ардагер мүгедектік ала алмай жүр
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2025
Ақмола облысында діни топ «еркін жыныстық қатынасты» насихаттап келген
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2025


