Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағандыда үш бала лифтіде қамалып қалды

Қарағандыда үш бала лифтіде қамалып қалды
Сурет: vm.ru
Қарағандыда үйлердің бірінде үш бала лифтіде қалып қойды.

Қарағандының "Гүлдер" шағынауданындағы үйлердің бірінде лифт ішінде үш бала қалып қойды. Құтқарушылар арнайы лифт кілтінің көмегімен балаларды сыртқа шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда 112 қызметіне көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде 2011 және 2012 жылы туған балалар қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Шақырған жерге барған ТЖМ жедел-құтқару жасағы арнайы лифт кілтінің көмегімен кабинаның есігін ашып, іште қалған үш баланы сыртқа шығарды.

Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ өкілдері кез келген төтенше жағдайға байланысты қиын жағдайға тап болғандарға 112 нөміріне хабарласу керек екенін еске салды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар