Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қандай жағдайда азаматтардың жіберген төлемдері тексерілетіні нақтыланды

Қандай жағдайда азаматтардың жіберген төлемдері тексерілетіні нақтыланды
Сурет: Shutterstock
Қаржы вице-министрі Ержан біржанов қандай кезде азаматтардың төлемдері тексерілетінін айтты.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобилді аударымдар қандай жағдайда тексерілетінін атады, деп хабарлайды  KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жсаған аударымдарда төмендегі үш шарт бірдей орындалса, тексерілуге алынады:

аударылған сома бір миллион теңгеден асса;

бір айда 110 адамнан көп адамға аударым жасалса;

үш ай қатарынан әртүрлі адамдарға аударым жасалып, жалпы сома миллион теңгеден асып кетсе, тескеріс болады.

«Балаларға ақша аудару, достарыңызға көмек, қарыз беру, бұлар заңды. Оған ешқандай сұрақ болмайды», – деді Ержан Біржанов.

Оның айтуынша, мысалы әр айда 100 адамнан көп болса, және жалпы сома миллион теңгеден асса, азаматқа салық қателігін түзету үшін хабарлама жіберіледі. Ал аударымдар әр айда әртүрлі болса, хабарлама жолданбайды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар