Алматы – Бангкок бағытындағы ұшақта шетелдіктер төбелес шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:47
- 1
Алматы-Бангкок бағытындағы ұшақта жолаушылар төбелес шығарды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Кадрларда екі ер адамның бір-біріне жұдырық жұмсағаны, айналадағы жолаушылар араша түсуге тырысқаны көрінеді.
Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқиға Air Astana ұшағында болған.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.
"Алматы әуежайында Алматы – Бангкок рейсінен полиция қызметкерлері төрт шетел азаматын алып шықты, олардың екеуі мас күйде болған. Олардың арасында жанжал туындап, соңы төбелеске айналған", - деп хабарлады ведомство.
Полиция мәліметінше, қылмыстық іс қозғалған.
"Құқық бұзушылардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа ақпарат ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес жарияланбайды", - деді баспасөз қызметі.


