Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсен Алагөзов өз қызметкерлерінің ата-анасына ай сайын зейнетақы төлемек (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:11
- 34
Танымал продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсынғали Алагөзов қол астындағы қызметкерлерінің ата-аналарына ай сайын 50 мың теңгеден беріп тұратынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“GALANZ bottlers” компаниясының жаңа жылдық корпоративтік кешінде Тұрсынғали Алагөзов қызметкерлерінің 65 жастан асқан ата-анасына компания тарапынан 50 мың теңге зейнетақы төленетінін айтты.
“Бұдан былай барлық қызметкердің 65 жастан асқан ата-анасына “GALANZ bottlers” компаниясының тарапынан ай сайын 50 мың теңге зейнетақы төленеді. Сіздер сияқты тұлға тәрбиелеген ата-аналарыңызға мың алғыс”, – деді ол.
Желі қолданушылары кәсіпкердің бұл әрекетін бағалап, оған іхгі ьілектер тіледі. Тіпті оны кейбіреулері «Алтын адам» атады.
Олар “Қызметкерінің ата-анасын ойлайтын Қазақстандағы жалғыз бастық”, “Алтын адам”, “Жарайсыз! Сіздің жомарттығыңыз үшін Алла осылай дәулет беріп отыр”, “Керемет! Алла разы болсын!”, “Осындай азаматтар жасасын, өзге басшыларға үлгі болсын” деп жазған.
Айта кетсек, биыл 27 мамырда белгілі кәсіпкер, "Galanz Bottlers" компаниясының иесі Тұрсынғали Алагөзов компаниясында 15 жылдан астам уақыт бойы еңбек еткен 100 қызметкерге пәтер кілтін табыстады.




