Айта кетсек, Еркін Далмағамбетов 2024 жылғы маусым айынан бастап қала басышысы қызметіне тағайындалды.
Басты жаңалықтар
Ақтөбе облысының 46 жастағы қала әкімі өзіне қол жұмсады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:18
- 39
Темір қаласының әкімі өзіне қол жұмсады.
Ақтөбе облысында Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтың өлі денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Еркін Далмағамбетовтің денесі 20 желтоқсан кешке өз үйінің ауласынан табылған.
Ақтөбе облысы полиция департаменті әкімнің қазасы туралы ақпаратты растады. Ведомсвто өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу бастады.
“Басқа ақпарат Қазақстан Республикасының ҚПК-ның 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды”, — деп мәлімдеді полиция.
46 жастағы ер адам сол күні ол достарымен кездескен. Марқұмның артында балалары қалды.




