Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Ақтауда бірнеше жасөспірім 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Ақтауда бірнеше жасөспірім 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді
Сурет: газета.ру
Ақтауда 13 жастағы қызды бірнеше жасөспірім жабылып зорлаған.

Ақтауда жасөспірімдер 13 жастағы оқушы қызды зорлады деген ақпарат желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Желіде тараған ақпаратта бұл оқиға биыл қыркүйек айында болған. Алайда қылмысқа қатысты ешкім тергеліп, қамауға алынбаған.  

Бұл жағдайға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаменті жауап берді.

“Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлімі (Кәмелетке толмағанға зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің талаптарына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды”, – делінген жауапта.

Ведомство қылмыстық істің полиция департаменті басшылығының бақылауында болатынын мәлімдеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар