Қоғам
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 желтоқсан, 2025
- 558
Еліміздегі зейнетақының орташа мөлшері 142 669 теңге болды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 868 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 триллион 252,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 615,6 миллиард теңге қарастырылған.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 524 мың адам.
"2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 669 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 096 теңге, базалық зейнетақы – 47 573 теңге", - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Үндістанда қазақстандық бапкер велоспортшы қызды зорлады деген күдікке ілінді
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2026
Қоғам
Маңғыстау облысында қаза тапқан аға лейтенанттың денесі Түркістанға жеткізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2026




