Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Отшашу – ойыншық емес»: Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

«Отшашу – ойыншық емес»:  Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға үндеу жасады
Сурет: novostipmr.com
Оқушылардың ата-аналарына ескерту жасалды.

Оқу-ағарту министрлігі қысқы каникулға байланысты оқушылардың ата-аналарына үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Министрліктің мәліметінше, жыл сайын пиротехникадан ондаған бала зардап шегеді.

«Отшашу мен петарда – ойыншық емес! Олар – балаға қауіп төндіретін жарылғыш заттар. Қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстаңыздар», – дейді Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

18 жасқа толмағандарға пиротехника сатып алып, оны өздігінен жағуға тыйым салынған.

«Егер балаға петарда сатып тұрғанын көрсеңіз — бей-жай қарамаңыз, бұл — заңға қайшы әрекет. Балаларға отшашуды өз бетінше жағуға мүлде болмайды. Тіпті «зиянсыз» көрінгеннің өзін де тек ересектер ғана жағуы тиіс. Пиротехниканы үй ішінде, балконда және тұрғын үйлердің маңында атуға немесе қолдануға болмайды.

Балалардың амандығы – сіздің қырағылығыңызға байланысты», – деп Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға ескерту жасады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар