Ендігіде 20 дана сигареттен тұратын бір қораптың ең төменгі бағасы 970 теңге болады.
1 қаңтардан бастап Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы көтерілді. Енді бір қорап темекі кемінде 970 теңге тұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес, 20 дана сигареттен тұратын бір қораптың ең төменгі бағасы 970 теңге болады. Бұл талап сүзгісі бар және сүзгісіз темекі, папиростар мен сигариллаларға қолданылады.
Жаңа Салық кодексінде акциздерді кезең-кезеңімен арттыру көзделген. 2026 жылы акциз мөлшерлемесі 1000 темекіге 18 051 теңге болады. Ал 2030 жылға қарай ол 25 607 теңгеге дейін өседі.
Осы жылы кәдімгі темекі және қорқорға арналған табак акциз мөлшері бір келісіне 15 863 теңге болып белгіленді.




