Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қатты қинаған»: Шымкентте 21 жастағы студент қызды өлтірген күдікті ұсталды

«Қатты қинаған»: Шымкентте 21 жастағы студент қызды өлтірген күдікті ұсталды
Сурет: ашық дереккөздерден
Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірген күдікті марқұмның танысы болған.

Шымкентте 21 жастағы студент қыздың өліміне қатысты күдікті қолға түсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында 28 жастағы қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде 21 жастағы Шымкент тұрғынының өліміне күдікті азамат анықталып, ұсталды. Қалаға кіріп-шығатын бағыттар күшейтілді, аумақ толық тексерілді. Күдікті қала шетінен шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық аумақта қолға түсті», – деп хабарлады полиция.

Алдын ала деректерге сәйкес, ұсталған азамат марқұм қыздың танысы болған. Күдіктінің не себепті марқұмға пышақпен шабуыл жасағаны әзірге белгісіз.

Otyrar.kz хабарлағандай, қаза болған 21 жастағы студент Нұрай Серікбай. Ол ата-анасымен бірге қылмыс болған жерге жақын маңдағы көпқабатты үйде тұрған. Отбасында екі ағасы бар, өзі кенже қыз болған. 

 «Қызымызды айуандықпен өлтірді. Бұл біз үшін өте ауыр қайғы», - дейді олар.

Сол жерде болған көршілер мен куәгерлер күдікті марқұм қызды әбден қинағанын айтады.

“Естігеніміз сол қыз 21  жаста, жігіт 1994 жылғы. Екеуі бұрын кездесіп жүрген. Оқиға 18:40-та болды. Қыз үйінен шыққан, екеуі сөйлескен. Кейін жанжалдасқан. Жігіт қызды ұрып, пышақ тыққан. Беті, қолы, арқасы, ішінен пышақтаған, қатты жарақат алған. Қатты қинаған. Жұмыстан келе жатқан бір келіншек оларды көріп қалып айғайлағанда, жігіт қорқып қашқан. Ол жеткенше қайтадан барып 3-4 рет тағы пышақ тыққан. Қыз сол жерде-ақ жан тапсырды. Ал жігіт бірден қашып кетті. Көрген куәгерлер бірден полиция шақырды. Қатты уайымдадық, біздің де бала-шағамыз бар. Кейін қорқып сұрағанымызда осыдан екі-үш күн бұрын да сол қыздың дауысын естіген екен көршілер. Жұмыстан қайтып келе жатқандар екеуінің ұрысып, айғайласып тұрғанын көрген екен. Не себеп екенін білмейміз. Дегенмен екі-үш күн қатарынан екеуі жанжалдасып, ақыры осылай болып отыр”, – дед Динара Тілеубердиева есімді тұрғын. 

Еске салсақ, 11 қаңтар күні Шымкентте 21 жастағы студент пышақ жарақатынан қаза тапқан. Қайғылы оқиға Толеметов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында болған. Видеожазбада қыздың қашуға тырысқаны, қарсылық көрсеткені, ал күдіктінің оны соққыға жығып, пышақтағаны көрінеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар