Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада 82 жастағы қария шөбеерсін зорлады

Астанада 82 жастағы қария шөбеерсін зорлады
Сурет: blizko.by
Астанада зейнеткер 7 жасар шөбересіне жыныстық зорлық көрсеткен.

Астанада 82 жастағы қария жеті жасар шөбересіне жыныстық зорлық көрсеткен. Сот қарияны 20 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Зейнеткер ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша кінәлі деп танылды.

Бұл туралы «НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Смайылова өзінің Facebook парақшасында жазды. Оқиға баланың туған күнін тойлау кезінде, туыстары жиналған шаңырақта болған. Қарияның әрекетін отбасы мүшелерінің өзі көрген.

Дина Смайылованың айтуынша, қыздың анасы қорға 2025 жылдың 5 сәуірінен 6-на қараған түні хабарлаған.

«Бұл ата өте пысық болып шықты. Ол қылмыс жасағаннан кейін қашып кетіп, полиция ұстағанша бір тәулік бойы ізін жасыруға тырысқан», – деп жазды құқық қорғаушы.

Смайлованың жазуынша, отбасындағылардың кейбіреуі оның егде жасына байланысты істі сотқа жеткізбеуге шақырғандар болған екен.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар