Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда тұрғын үй өртеніп, екі бала сол жерде қайтыс болды

Павлодарда тұрғын үй өртеніп, екі бала сол жерде қайтыс болды
ТЖД
Павлодар облысында жекеменшік тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан екі кәмелетке толмаған бала қаза тапты.

Қайғылы оқиға Ертіс ауылында болған. Өңірлік ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, өрт туралы хабар 15 қаңтарда сағат 8:33-те түскен, ал үш минуттан кейін өртсөндірушілер оқиға орнына барған.

Осы сәтте жекеменшік тұрғын үй толықтай өртке оранған. Үйдегі жиһаз, тұрмыстық заттар мен шатыр жанған. Қалың түтін мен күрделі жағдайға қарамастан, өртсөндірушілер адамдарды іздеуге кіріскен.

Өрт шыққан сәтте үйде төрт бала болған, олардың бірі өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өздігінен сыртқа шығып үлгерген. Қалған үшеуін өртсөндірушілер жанып жатқан үйден алып шыққан.

"Алайда кейінірек зардап шеккен екі кәмелетке толмаған бала ауруханада көз жұмды", – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Өрттің аумағы 50 шаршы метрді қамтыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар