Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Семейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды

Семейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Сурет: Яндекс
Семейде 20 жастағы қыз үй жағдайында босанып қалған.

3 ақпан күні Семей қаласында қоқыс контейнерінің ішінен жаңа туған қыз баланың мәйіті табылды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында үй жағдайында босанған 20 жастағы қыз анықталған. Оның айтуынша, сәби өлі туған. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу кезінде нәрестенің мәйітін қоқыс контейнеріне тастаған қала тұрғыны да анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазіргі таңда істің мән-жайы нақтыланып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар