Қоғам
Белгілі Нұрлан имам АҚШ президенті Трамппен таңғы ас ішуге барды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:32
- 35
Нұрлан имам Трамппен таңғы ас ішті.
Белгілі Нұрлан имам Байжігітұлы АҚШ астанасында өткен 74-ші таңғы асқа қатысты. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Имамның жазуынша, бұл таңғы асқа АҚШ президенті Дональд Трамп жеке қатысқан.
«Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда әдеттегі 74- ші Таңғы Ас рәсіміне қатысуға келдім. АҚШ-президенті Дональд Трамп мырза өзі қатысатын ас биыл екі мыңдай әлем тұлғаларын жинайтын ерекше алқалы жиын. Жастарымыз білім мен ғылым,өркениет пен мәдениетке ұмтылып,имандылықпен ұштасқан салтымызды бекем ұстанса,алар асуы шыңдар болып,жаһанның талай есіктері ашылатыны ақиқат», - дейді Нұрлан имам.
Айта кетейік, Нұрлан имам бұған дейін де АҚШ-тағы шараларға қатысқан.



