Сара Назарбаева Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінен (бұрынғы атауы - Совминка) шығарылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Медициналық мекеме өкілдерінің айтуынша, науқас емдеу курсын аяқтап, 2026 жылғы қаңтарда шығып, дәрігерлердің амбулаториялық бақылауына жіберілген.
"Денсаулығы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігерлік құпияға жатады және жария етілмейді", - деді дәрігерлер.
Еске салайық, Сара Назарбаеваның ауруханаға түскені туралы ақпарат 2025 жылғы 5 мамырда шыққан еді. Ол кезде оның жағдайы ауыр екені айтылған.
2025 жылғы қазанда Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның сәуірден бері Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатқанын хабарлады. Ол дәрігерлердің бақылауында шамамен 9 ай болған.




