Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Семейде TikTok-та терроризмді насихаттаған азамат сотталды

Семейде TikTok-та терроризмді насихаттаған азамат сотталды
Сурет: journal.ilounge.ua
TikTok-та терроризмді насихаттаған азамат 7 жылға сотталды.

Семейде ер адам TikTok-та анонимді аккаунттар арқылы терроризмді насихаттаған. Ол 7 жылға сотталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Абай облысының прокуратурасының мәліметінше, сот онлайн-платформаларды пайдалана отырып терроризмді насихаттаған азаматтың ісін қараған. 

“Қазақстанда "Ислам мемлекеті" халықаралық террористік ұйымының қызметі террористік деп танылып, тыйым салынған. 2024 жылдың шілде айынан 2025 жылдың сәуір айына дейін айыпталушы "TikTok" әлеуметтік желісіндегі анонимді аккаунттар арқылы, сондай-ақ азаматтармен жеке әңгімелер барысында террористік сипаттағы материалдарды таратқан. Аталған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын қамтып, террористік қызметті ақтаған”, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен айыпталушы қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігімен (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) кінәлі деп танылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар