Астанада күн суытып, оқушылар қашықтан оқуға жіберілді.
Астанада 11 ақпанда ауа райы нашарлайды. Сол себепті кейбір мектеп оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"2026 жылғы 11 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады"- делінген хабарламада.
Айта кетсек, Астанада мектеп оқушылары жақында бұған дейін де қашықтан оқуға жіберілген болатын.
10 ақпанда елордадан Павлодарға дейін баратын республикалық тасжолы ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық көлік түрі үшін жабық болатыны хабарланған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматыда қаланың Бас жоспарына қатысты экологиялық тыңдаулар өтеді
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Қоғам
Декреттік демалыста отырған алматылық ана лотереядан көлік ұтып алды
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026




