Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Канада мектебіндегі атыс: 10 адам қаза тапты

Канада мектебіндегі атыс: 10 адам қаза тапты
Сурет: vesti.az
170 оқушы оқитын мектепте атыс болып, бірнеше адам зардап шекті, ал 10 адам қайтыс болды.

Канаданың Британиялық Колумбия провинциясындағы мектептердің бірінде атыс болып, 10 адам қайтыс болды. Шабуылдаушының өзі де тірі қалмады деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Global News сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына полицейлер келгенде сегіз адамның мәйіті табылған. Ал тағы біреуі ауруханаға апара жатқанда көз жұмған. Мектепке оқ атты деген күдіктінің денесі де сол маңайдан табылды. Ол өзіне қол жұмсауы мүмкін деген болжам айтылып жатыр.  

Жалпы 27 адам зардап шеккен, екеуінің жағдайы ауыр.

Канадалық журналистердің дерегінше, оқ атқан адам әйел болуы мүмкін. Бірақ полиция әлі оны растамады. Шабуылдаушының не себеппен мұндай әрекетке барғаны да белгісіз.

Тамблер-Ридж деп аталатын бұл мектепте жетінші сыныптан он екінші сыныпқа дейінгі балалар оқиды. Барлығы 170 оқушы бар. Қазір мектеп жұмысын тоқтатып, апта соңына дейін жабылды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар