Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әйел күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы тағайындалды

Әйел күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы тағайындалды
Сурет: sportplustv.kz
Жәмилә Бақбергенованың жеке бапкері әйелдер күресінің аға жаттықтырушы болды.

Нұрсұлтан Теміров әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Күрес федерациясының мәліметінше, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрсұлтан Теміров еңбек жолын 2014 жылы бастаған.

Әр жылдары жасөспірімдер және жастар құрамасының, сонымен қатар ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы қызметін атқарған.

Үш жыл бойы әйелдер күресінен мемлекеттік жаттықтырушы болған.

Сондай-ақ ол әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Жәмиля Бақбергенова және тағы басқа спортшылардың жеке жаттықтырушысы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар