Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
Сурет: "ҚТЖ" баспасөз қызметі
Наурыз мейрамында бірнеше пойыздар іске қосылады.

Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Наурыз мейрамы кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ 20 рейс үшін үш қосымша пойызды жолға шығарды.

Сондай-ақ, сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына қосымша 230-ға жуық тіркеме вагон енгізеді.

"Нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. Қабылданған шаралар мереке күндерінде билет қолжетімділігін арттыруға бағытталған", - делінген хабарламада.

Қосымша пойыздар қозғалысы:

№201/202 "Алматы-2 – Астана-1"

  • Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;
  • Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.

Барлығы – 6 рейс.

№204/203 "Астана Нұрлы жол – Шымкент"

  • Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;
  • Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.

Барлығы – 8 рейс.

№205/206 "Ақтөбе – Астана Нұрлы жол"

  • Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;
  • Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.

Барлығы – 6 рейс.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар