Сондай-ақ олар Үржар аудандық сотының әрекетіне де құқықтық баға берілуі керек деп санайды. Олардың пікірінше, сот істі уақытылы әрі жан-жақты қарамаған.
Қоғам
Бестеректегі жол апаты: қаза тапқан балалардың отбасы жүргізуші куәлігін бергендердің жазалануын талап етеді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:20
- 45
Көлік жүргізушісі аулада ойнап отырған балаларды басып кеткен балалардың отбасы әділдік сұрайды.
Абай облысындағы Бестерек ауылында төрт кәмелетке толмаған балалардың қазасынан кейін туыстары денсаулығы жарамайтын адамға жүргізуші куәлігін бергендердің жазаланғанын талап етіп отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “Жетінші арнаға” сілтеме жасап.
Балаларынан айырылған екі отбасының өкілдері бүгінге дейін толық әділдікке қол жеткізе алмағандарын айтады.
“Қайғылы жағдайдан кейін алты ай бойы олар Бестерек ауылындағы және облыс орталығындағы түрлі мекемелерге жүгінген. Алайда, олардың сөзінше, нақты әрі толық жауап ала алмаған”, – деп хабарлайды телеарна.
Жәбірленушілер денсаулығы жарамайтын адамға жүргізуші куәлігін бергені үшін медицина қызметкерлері мен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін жауапқа тартуды талап етіп отыр.
“Жауапты қызметкерлер салғырттық танытқан, бірақ өз басқармаларында тек ескерту мен сөгіс алған. Бізге тергеу осынымен аяқталды деп хабарлады. Бұл жай ғана жаба салатын жағдай емес. Ол алты баланы қағып, тура мағынасында басып кеткен. Оның төртеуі қаза тапты, екеуі ауыр жарақат алды”, – дейді жәбірленуші тараптан Ернар Бұланбаев.
Жол апаты салдарынан екі жасар ұлынан айырылған Ернар Бұланбаев пен оның жұбайына сот әрқайсысына 10 миллион теңгеден моральдық өтемақы тағайындады.
Ал жол апатында үш бірдей баласынан айырылған Таңшолпан Каримова мен оның жұбайына әрқайсысына 15 миллион теңгеден моральдық шығын, сондай-ақ 336 мың теңге материалдық шығын және әрқайсысына 200 мың теңгеден өкілдік шығын өтеу белгіленді.



