Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Курьерлердің әдепсіз әрекеттері: Алматыда жеткізу сервистеріне талап күшейтіледі

Курьерлердің әдепсіз әрекеттері: Алматыда жеткізу сервистеріне талап күшейтіледі
Pixabay.com
Алматыда жеткізу сервистеріне талап күшейтіледі,-деп хабарлайды Kyn.kz.

Алматы қалалық Полиция департаменті жеткізу сервистері, прокуратура және қалалық қызметтердің қатысуымен шұғыл жиын өткізді. Оған соңғы уақытта курьерлердің тұтынушыларға, әсіресе қыз-келіншектерге қатысты әдепсіз әрекеттері жөніндегі шағымдардың көбеюі себеп болған.

Жуырдағы оқиғалардың бірінде гүл жеткізуші курьердің тапсырысты қабылдап алған қызға тиісуі қоғамда үлкен наразылық туғызды. Осы жағдайдан кейін қала билігі агрегатор компанияларға қойылатын талаптарды қайта қарау қажеттігін мәлімдеді.

Қалалық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов курьерлердің клиенттердің мекенжайы, кіреберіс кодтары және жеке байланыс нөмірлері сияқты деректерге қол жеткізетінін атап өтті. Сондықтан олардың қызметін бақылау мен іріктеу тәртібі қатаңдатылуы тиіс екенін айтты.

Жиын қорытындысы бойынша жеткізу сервистеріне кадрларды тексеру, қауіпсіздік стандарттарын күшейту және тұтынушылардың жеке деректерін қорғау шараларын қайта қарау ұсынылды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар