Басты жаңалықтар
«Дариға Бадықова сотта жеңілді»: журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың ісі тоқтатылды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 13:16
- 36
Дариға Бадықованың ісі сотта қанағаттандырылмады,-деп хабарлайды Күн.кз.
Сотта Дариға Бадықованың журналист Нұрсейіт Жылқышыбайқа қарсы берген арызы қанағаттандырылмады.
Бадықова YouTube платформасында жарияланған сұхбатты шындыққа сәйкес келмейді деп тануды, видеоны өшіруді, кешірім сұратуды және 4 миллион теңгеден астам өтемақы өндіріп алуды талап еткен. Алайда сот бұл талаптарды қолдамады.
Журналистің мүддесін қорғаған заңгер Инга Иманбай сот шешімін өздері үшін жеңіс деп бағалады.
«Бұл істе мен Нұрсейіт Жылқышыбайдың өкілі ретінде қатысып, оның құқығын толық қорғадым. Сот талап арызды қанағаттандырған жоқ», – деп мәлімдеді қорғаушы.
Осылайша, аталған іс бойынша журналистке қатысты өндіріс тоқтатылды.




