Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық титулынан айырылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:55
- 62
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы 10 наурызда кешке Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков мәлімдеді.
"Бүгін бір сағат бұрын IBF шешім шығарды. IBF-тің қатаң ережелері бар, олар өз хатында осыған сілтеме жасады. Олардың хатына сәйкес, Жәнібек Әлімқаұлы 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін шеттетілді. Олардың ережелерінде кез келген салмақ дәрежесіндегі кез келген чемпион өз белбеуін тоғыз ай бойы қорғауы керек деп көрсетілген, яғни Жәнібек оны 2026 жылдың 4 шілдесіне дейін қорғауы керек", - деді Ерденбеков.
Айтуынша, 2026 жылдың 5 наурызында IBF директорлар кеңесі титулды дереу бос деп жариялау туралы шешім қабылдаған.
Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсанында Жәнібек Әлімханұлы допинг-тесттен өте алмай қалған. Сондай-ақ Қазақстанның кәсіби бокс федерациясы оны алты айға жекпе-жектерден шеттетті.




