Конституциялық реформаға байланысты түсіндіру жұмыстары аясында кәсіподақ жетекшілері «Есіктен есікке» акциясына белсенді түрде қатысуда.
Осыған орай коалиция мүшесі, «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Мұқтарита Сағындықова тұрғын үйлерді аралап, қала тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында ол Конституциялық реформаның мән-маңызы туралы айтып, ұсынылып отырған өзгерістердің қоғам үшін, әсіресе еңбек адамдарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтудағы рөлін түсіндірді.
Сонымен қатар тұрғындарды алдағы маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді қатысуға шақырып, ел болашағына бейжай қарамай, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге үндеді.
Мұндай түсіндіру жұмыстары қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыруға және халықтың мемлекеттік маңызды шешімдерге қатысуын кеңейтуге бағытталған.



