Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда ақпан айында ең жоғарғы температура тіркелді

Қазақстанда ақпан айында ең жоғарғы температура тіркелді
Сурет: mlyn.by
Ақпан айының басында Қазақстан аумағында ауа райы бірнеше рет құбылып, жылу температурасы қалыптан тыс болды.

2026 жылдың ақпан айы ауа райының күрт өзгеруімен ерекшеленді. Қалыптан тыс күннің жылуынан бастап, салқындауына дейін байқалды.  Еліміздің көптеген өңірлерінде ауа температурасы климаттық нормадан 1–6 градусқа жоғары болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ақпан айының басында Қазақстан аумағында белсенді циклондық әрекеттер байқалды. Ол  қар жаууына себеп болды. Мысалы, 6 ақпанда Астанада бір тәулікте 23 мм жауын-шашын түсті, бір күнде 135 пайыздан астам көрсеткішті құрады.

Түркістан облысында 9–10 ақпан аралығында Ащысай станциясында 91 мм жауын-шашын түсті, бұл айлық нормадан (74 мм) 23 пайызға артық.

19 ақпанда Абай облысында да айтарлықтай жауын-шашын тіркелді — 7 мм норма кезінде 15 мм.

Айдың басында еліміздің оңтүстік және шығыс өңірлері оңтүстіктен келген жылы ауа массаларының ықпалында болды. Бұл жаңа температуралық рекордтардың орнауына әкелді.

2 ақпанда Шымкентте ауа температурасы +15,6°С-қа жетіп, 2021 жылғы рекордтан (+14,5°С) асты. 4 ақпанда Қызылордада +13,4°С, ал Түркістанда +17,5°С тіркелді. Павлодарда 6 ақпанда температура +2,8°С-қа дейін көтерілсе, Өскеменде +4,7°С болды — бұл да жаңа ең жоғары көрсеткіштер.

Ақпан айының екінші онкүндігінде ауа температурасының жылу рекордтары жалғасты. 14 ақпанда Ақтауда +17,2°С болып, 2024 жылғы рекордтан (+14,1°С) асты. 17–18 ақпанда Ақтауда +11,4°С тіркеліп, 1978 жылғы көрсеткіштен жоғары болды.

Сондай-ақ 18 ақпанда Павлодарда +3,4°С тіркеліп, 1983 жылғы рекордтан (+0,5°С) асты,Семейде температура +5,6°С-қа жетіп, 1943 жылғы максимумнан (+3,3°С) жоғары болды, Көкшетауда +0,8°С тіркеліп, 1978 жылғы рекордтан (+0,1°С) асты.

Жалпы алғанда, синоптиктердің мәліметінше, 2026 жылдың ақпаны Қазақстанда ауа райының жоғары құбылмалылығымен ерекшеленіп, аномалды жылу мен қатты аяз қатар байқалды

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар