Шахтинск қаласында тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Kyn.kz.
Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер шақырту түскеннен кейін 4 минут ішінде оқиға орнына барған. Жарылыс салдарынан өрт шыққан. Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан бес адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындардың біразы өз бетімен сыртқа шықса, бір бөлігін полиция қызметкерлері эвакуациялады.
«Оқиға салдарынан сегіз адам зардап шекті, оның бесеуі – полиция қызметкерлері. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілді. Өрт жалпы 40 шаршы метр аумақта сөндірілді», – деп хабарлады ТЖД.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, үйден газ иісі шығып жатқаны туралы шақырту 102 нөміріне түскен. Құтқарушылар келмей тұрып, мекенжайға келген полиция қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялап жатқан кезде жарылыс болған.



