Қоғам
Қар жеп аман қалған: Абай облысында 5 күн бұрын жоғалған малшы табылды
- автор kyn.kz
- 23 наурыз, 2026
- 485
Абай облысында құтқарушылар жарақаттанып, 5 күн бойы далада жатқан малшыны құтқарып қалды, деп хабарлайды Kyn.kz.
17 наурыз күні 1969 жылы туған ер адам Абай облысының Абай ауданындағы шаруа қожалығынан мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған. Оның телефоны да сөндірулі болған.
Іздеу жұмыстарына жоғары өтімді техникамен ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері және туыстары жұмылдырылды.
«Іздеу тобы ер адамды далада тауып алды. Малшыға ыстық шай беріліп, жарақаттанған аяғы таңылып, медициналық көмек көрсету үшін Ақшоқы ауылына жеткізілді», деп хабарлады ТЖМ.
Белгілі болғандай, бес күн бұрын ол далада жатқан атты байқап қалған. Жануарды тұрғызуға көмектеспек болған сәтте ер адам аттың астында қалып, аяғын сындырып алған. Осы уақыт бойы ол қар жеп күн көрген.
Келесі мақала
Қосшыда жаңа туған шақалақтың денесі табылды
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қазақстандықтардың 79,3%-ы елдегі ахуалды қолайлы немесе тұрақты деп бағалайды
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қыркүйек, 2026
Қоғам
Алматыда 14-18 қыркүйек аралығы кейбір аудандарда жарық өшіріледі
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қыркүйек, 2026




