Оқиға сейсенбі күні Екібастуз ауданына қарасты Шықылдақ ауылының маңында болған. Балық аулауға құмар жандар мұздың жұқаруына қарамастан, көлікпен су айдынына шыққан.
Мұз көлік салмағын көтере алмай, темір тұлпар бірден су астына кетті. Көлік ішіндегі үш адам дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Оқиға орнына жеткен ТЖД мамандары балықшыларды эвакуациялап, Шідерті кентіне жеткізді.
Зардап шеккендер жоқ, оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Құтқарушылардың көмегімен аман қалған көлік иесі енді заң алдында жауап береді. Қазіргі уақытта су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өте қатаң бақылануда.
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін көлік иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
ТЖД мамандары көктемгі уақытта мұздың құрылымы өзгеріп, өте морт болатынын, сондықтан су айдындарына көлікпен шығуға мүлдем болмайтынын тағы да ескертеді.
Жазира Байырбекова келінін қалай қарсы алғанын көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда қаланың Бас жоспарына қатысты экологиялық тыңдаулар өтеді
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Декреттік демалыста отырған алматылық ана лотереядан көлік ұтып алды
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026




