Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Kyn.kz.
Өнер иесі немере келінін ақ босағадан аттатып, дәстүрге сай қарсы алған сәтін жариялаған. Оның айтуынша, келінге май құйылып, аластап, ақ бата берілген.
«Апамыз немере келінін ақ босағадан аттатып, үйде күтіп алды. Май құйып, аластап, ақ батасын беріп, ақ ниетімен қарсы алды. Бұл да бір Алланың бізге нәсіп еткен үлкен бақыты… Аллаға сансыз шүкір! Тфай-тфай, көз тимесін! Келініміздің қадамы құтты, ғұмыры бақытты болсын!», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары да жылы лебіздерін білдіріп, жас келінге бақыт тілеп жатыр.
Келесі мақала
Қанат Ислам лауазымды қызметке тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Үндістанда қазақстандық бапкер велоспортшы қызды зорлады деген күдікке ілінді
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2026
Қоғам
Маңғыстау облысында қаза тапқан аға лейтенанттың денесі Түркістанға жеткізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2026




