Сәуір айында қазақстандықтарды қанша күн демалыс күтіп тұр?
Сәуір айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Биыл сәуірде аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 8 күн демалады. 1 сәуір күлкі күні болғанымен, ресми демалыс болып белгіленбеген.
Алдағы айда мереке күндері жоқ. Сол себептен барлық демалыс күні сенбі және жексенбіге келеді. Сәуір — 2026 жылғы ақпан, маусым мен шілде айлары секілді демалыс күндері ең аз айлардың бірі.
Айта кетсек, Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай 2026 жылы 30 тамыз демалыс күні болмайтынын атап өтті. Себебі Конституция күні енді 15 наурызда атап өтілетін болады.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматыда қаланың Бас жоспарына қатысты экологиялық тыңдаулар өтеді
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Қоғам
Декреттік демалыста отырған алматылық ана лотереядан көлік ұтып алды
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026




