Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда сауда орталығында биікке өрмелеп шыққан14 жастағы бала құлап түсті (ВИДЕО)

Атырауда  сауда орталығында биікке өрмелеп шыққан14 жастағы бала құлап түсті (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Сауда орталығында жасөспірім биіктен құлап кетті.

Атыраудағы Infinity сауда орталығында 14 жасар жасөспірім биіктен құлап, жарақат алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Atyrauoil порталына сілтеме жасап. 

Видеода бала жоғарғы қабаттан жоғарыдан салбырап тұрған сымдармен өрмелеу арқылы төменге түспек болғаны көрінеді. Бір сәтте ұстай алмай құлап, сауда орталығының кіріс бөліміндегі төбені тесіп өткен. Оқиға 24 наурыз кешкісін болды. Жедел жәрдем бригадасы дереу жетіп, жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Полиция мәліметінше, жасөспірім ата-анасының қарауынсыз болған және қауіпсіздік талаптарын бұзған.

"14 жасар жасөспірім қауіпсіздік ережелерін бұзып, биіктен секіріп, жеңіл жарақат алды. Медициналық тексерістен кейін ол ата-анасымен бірге үйіне жіберілді", – деп хабарлады Атырау облысы полиция департаменті.

Оқиға бойынша ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, нысандағы қауіпсіздік шараларын қосымша тексеру үшін тиісті органдарға тапсырма берілді.

Кейбір куәгерлердің айтуынша, жасөспірімнің әрекеті жанжалға байланысты болуы мүмкін. Бірақ бұл ақпарат ресми расталмаған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар