Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тұрмысқа шығатынын айтқан Абиба Әбужақынова мансабына қатысты мәлімдеме жасады

Тұрмысқа шығатынын айтқан Абиба Әбужақынова мансабына қатысты мәлімдеме жасады
Сурет: instagram.com/abiba48
Абиба Әбужақынова жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Жақында тұрмысқа шығатынын айтып, сүйінші сұраған дзюдошы Абиба Әбужақынова мансабына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Спортшының жанкүйерлері оның мансабын аяқтайтын және 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына бармайтынын айтып, алаңдаған.

Алайда Абиба Әбужақынова спорттан әзірге кетпейтінін айтты.

"Мен әлі спорттан кеткен жоқпын, тағы 3-4 жыл күресемін, ИншаАллах. 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына барамын", – деп жазды ол сторисінде.

Сондай-ақ, ол жеке өміріне қызығушылықтарын білдірген оқырмадарына да жауап берді.

“Жеке өмірім туралы еш жерге айтқым келмейді. Тек бұл жайлы өзімнің инстаграм парақшамда ғана хабарлаймын”, – деді Абиба Әбужақынова.

Қазіргі уақытта жарақатына байланысты ем қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Абиба Әбужақынова дзюдодан Қазақстан тарихында әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ қызы.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар