Қоғам
Шахтинск қаласындағы жарылыс: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
- автор kyn.kz
- 26 наурыз, 2026
- 269
Шахтинск қаласындағы тұрғынүйде болған жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Kyn.kz.
Бұл туралы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Басқарманың мәліметінше, ауруханада 8 адам жатыр.
«Алты адам жансақтау бөлімінде, екеуі бөлімшеде. Науқастарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», деп хабарлады басқармадағылар.
Айта кетейік, зардап шеккендердің арасында бірнеше полиция қызметкері, сондай-ақ күдіктінің өзі де бар. Ол күзетпен ем қабылдап жатыр.
Еске салайық, Шахтинск қаласында 22 наурыздан 23 наурызға қараған түні бес қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Полиция күдіктіні ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, 40 жастағы жергілікті тұрғын газ баллонын ашып, сіріңке жаққан. Мұндай әрекетке не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматыда қаланың Бас жоспарына қатысты экологиялық тыңдаулар өтеді
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Қоғам
Декреттік демалыста отырған алматылық ана лотереядан көлік ұтып алды
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026




